Қаз   Рус

Ақша жасаудың жолын тапқан жас банкирлер

248 қаралды
0
Глеб ГАРИПОВ
Пятница, 12 Янв 2018, 10:30

Қазкомды Халық банкіне 1-теңгеге сатпас бұрын менеджерлер миллиондаған қосымша сыйақыны иеленіп алған

Былтыр Халық банкіне Қазком бір теңгеге сатылған еді. Бізде жекеменшік банктер қаржылық қиындыққа тап болып мемлекет бюджетте қаражат бөлгенде менеджерлердің несиені қалай болса солай бергені белгілі болады. Екінші дәрежелі банктер банкроттық жағдайға жетпей тұрып сол менеджерлердің жұмысы неге қадағаланбағаны жұмбақ күйде қалып отыр. Алайда, қаржылық проблемалар қазақстандық банк басшыларының әлеуметтік жағдайына мүлдем әсер етпейді.

Оқи отырыңыз
Ақтөбеліктер Ratel.kz арқасында сотта банктерді жеңіп жатыр

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет Қазком жұмысы тұрақты жүру үшін 2 триллион теңгеден аса қаражат бөлген. Аудиторлық есепке сүйенсек 2016 жылы Қазком аз пайда таппаған. Ол ақшалар банк басшылығына қомақты сыйақы беруге жеткен. Қысқасы, қосымша сыйақыға 8,1 миллиард теңге кеткен. 

Қазком басқарма мүшелері 2016 жылғы жұмыстары үшін орташа есеппен 1,3 пен 2 миллион доллар көлемінде сыйақы алған. Сонымен қатар, банктегі негізгі басқарушы қызметкерлер құрамы жалпы соммасы 1,6 млрд. Теңгені несиеге алған.

Біз ҚКБ 2016 жылдың көктемінде басқарған кейбір банкирлердің өмірбаянымен танысып шықтық. Олар Қазкомда бір жылдан сәл аса уақыт жұмыс жасап, сыйақы ретінде  жүздеген миллион теңге алған.

Мәселен, ӘМІРОВ Рашид Өтебайұлы, банктің басқарушы директоры, бұл қызметке 2016 жылдың мамыр айында тағайындалған. Ол бұған дейін Астана халықаралық қаржы орталығы басқарма мүшесі және басқарушы директоры болған. 24 жасында Президент әкімшілігінде еңбек еткен. 25 жасында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры корпоративті қаржы департаментінің басшысы қызметіне ауысады.  26 жасында «Темірбанктің» директорлар кеңесінің мүшесі болған. Бұл талантты жігіт осы кезде Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде де жұмыс жасап үлгереді.

30 жасында бұл мырза бірнеше дипломның иегері атанды. Қазақ экономикалық университеті, (халықаралық экономист) Манчестер бизнес мектебі, (қаржы саласының магистрі) сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының да түлегі. Бұл аз десеңіз басқарушы қызметкерлерге арналған IMD Business School (Швейцария) бағдарламасы бойынша білімін жетілдірген. Қазіргі күні Executive MBA бағдарламасы бойынша Швейцарияда оқып жатыр.

Рашид Өтебайұлының өмірбаянына қарасаңыз түрлі лауызымды қызметтермен қатар тынымсыз білімін жетілдіріп отырған екен.

Келесі басқарушы директор, ҚАРАҚҰЛОВ Миржан Елдесұлы. Қазкомға 33-жасында 2016 жылдың сәуір айында қызметке келген. Ұлттық банк пен «Қазақстан халық банкінде» жоғарғы қызметте болған. «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары да болып үлгерген. 25 жасында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорында, 26 жасында «Қазақстанның даму банкі» қауіп-қатер менеджменті департаменті басшысының орнына жайғасты. Қарақұлов КИМЭП-тің түлегі. «Болашақ» стипендиясының иегері атанған ол Vanderbilt University (АҚШ) экономика саласындағы магистр дәрежесінде үздік бітірген. Миржан да Рашид сынды маңызды лауазымды қызметтермен қатар білімді де алып отырған.

Қарақұлов Миржанның құрдасы – Абай Мұқашұлы ЕСКЕНДІРОВ 2016 жылы 33 жасында Қазком басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 25- жасында «Самұрық-Қазына» қорының қаржы директоры болған екен. 26- жасында «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, 27-жасында «Темірбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, 28-жасында экономикалық дамыту және сауда министрінің орынбасары болды. 2013-2015 жылдары Ұлттық банкте департамент директоры  қызметін атқарды.

- «Маркетингтік-сараптамалық зерттеу орталығы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

 ( 05.2007);

- «БРК-Лизинг» АҚ  директорлар кеңесінің мүшесі ( 12.2007);

- «Қазақстанның даму банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (01.2008-09.2008);

- «Kazyna Capital Management» АҚ, «Даму» қорының директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстан инвестициялық қоры» директорлар кеңесінің  төрағасы  (08.2008);

- «Стрессті активтер қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (11.2008);

- «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС  бақылау кеңесінің мүшесі  (12.2008);

- «Бірлескен химиялық компания» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі  (02.2009);

- «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (03.2009);

- «Темірбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (06.2009);

- СК «Казкоммерц- life», «Казкоммерц- Полис» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі

 ( 24.11.2016)

Абай Мұқашұлы Қазақ мемлекеттік заң университетін, Оксфорд Брукс университетінің магистратурасын да аяқтаған.

Оқи отырыңыз
Банктер заңсыз пайда тауып жүр

Аудиторлық есеп бойынша 2016 жылы Казком табысы 36 млрд. теңгені құраған. Демек банктің жұмысына тағылар кінәрат жоқ. Қосымша сыйақыға жалпы табыстың төрттен бірден аз мөлшері бөлінді. Алайда, Казком Халық банкіне сатылғанан кейін 400 млрд. теңгеден аса шығыны бар екені анықталды.Және Қазкомның 12 басқарма мүшесінің 10-ы жұмыстан шығып кетті. Кеткенде де қомақты сыйақымен кетті.

Бір түсініксіз жайт. Осындай білікті мамандармен банк қалайша шығынға батқан. Дәл осылар емеспе сатып алуға қызығушылық танытқан тарапқа банктің табысы жайлы есеп дайындаған. Ол есепке Қазкомның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ескендіров мырза қол қойған. Жоғарыда біз сөз қылған білімдар һәм қызмет бабы жылдам жоғарларған азамат.

Менеджерлер  командасын Марк ХОЛЬЦМАН басқарған. Өмірбаянына көз жүгіртсек Қазақстанмен байланысы өте көп екен. Әуелі 2006 жылы «Қазына» қорының директорлар кеңесінің мүшелігіне тағайындалған.

Қазкомға дейін Марк Хольцман «Meridian Capital HK» компаниясының директорлар кеңесінің басшысы болған еді. Бұл компанияның Гонконг, Лондан, Мәскеуде табиғи қазба байлықтарды, жылжымайтын мүлік пен тамақ өндірісі, ауылшаруашылық, инфраструктураны қаржыландыратын филиалдары болған.

Жоғарыда айтылғандай бұл білікті менеджерлерге қосымша сыйақы ретінде 8,1 млрд теңге қарастырылған. АҚШ валютасына шаққанда 23 млн.673 мың долларды құрайды. Шамамен осыншама қаржы Алматыдағы соңғы жөндеу жұмыстарына жұмсалған. 

Загрузка...
Әдебиеттанушы
– Қазақстандағы ең қымбат концерт - сайлау! Сахнаға шықпайтын әртістер - мұғалімдер!
Миллиардтар ойыны
Үкімет Ораз Жандосовты неге сотқа бермеді
Шүкеев жүрген жерде шөп шыға ма?
Қазақстанның кредитті рейтингі неге төменгі сатыда тұр
Евгений Жовтис: Әкем Мағжан үшін қуғындалды
Белгілі құқық қорғаушының әкесі Александр Жовтис және Мағжан Жұмабаев, сондай-ақ, Алаш төңірігенде берген сұхбаты
Қоғам ұстаздарды құлақкесті құл етті
Тарихтан оқымай барсаң Төлепбала апайдың таяқшасы шып ете қалатын
Болашағымыздың көрін өз қолымызбен қазып жатырмыз
Бізде шенеуніктер халыққа қарсы жұмыс жасайды
Төңкерістің басы бар да, аяғы жоқ
Революция заманның өзгергеніне қарамастан үнемі қайталанып тұратын құбылыс
Принуждение к морали
- Я 12:45:04 Прошу Вас, сфокусируйтесь, пожалуйста, на простейшей мысли: никого не волнует представление имярека о морали, поскольку оно [его представление] всегда субъективно и относительно. Именно для этого и существуют ЗАКОНЫ. И если имярек считает себя потерпевшим - пусть подаёт заявление в полицию и через суд доказывает свою правоту. А вот угрозы поджечь клуб, избить хозяев клуба или участников инцидента - уголовно наказуемы. Благодарю за общение. :)
Американский суд встал на сторону Храпунова
- Ха! Храпунов кристально чистый? Ха! Три раза ха! На одной из работ пересекался и с чиновниками и с их детьми. Фильм "Крестный отец" просто отдыхает. И если чиновники еще как-то скромничают, ибо кресло потерять могут, если сильно зарываться будут, то их детки вообще себя ничем не ограничивают.
Варежки
- :) Спасибо, Сапа! "тургеньские девушки байзаковского возраста" - это пять! :) Оставайтесь таким всегда, даже если слово "всегда" противоречит устройству этого мира
Герольд Бельгер: Кокжайлау хотят уничтожить
- ТЭТЯНА, Кокжайляу - это уникальное место, там растут эндемичные виды растений, Кокжайляу красив своей естественной красотой, там лучше ходить пешком и наслаждаться красотой, дышать свежим воздухом. А туристические объекты можно и в другом месте строить, например построить этноаул где-нить недалеко под Алматой, в степи, я лично давно мечтаю, попить настоящий кумыс, обучиться какому-нибудь народному ремеслу и т.п.
Smart-путешествия по-МИДовски
- Мой айтишник за подобное приложение запросил 500 долларов и неделю срока. Торг уместен. Приложение на уровне дипломной работы студента. Вообще траты в МИДе сумасшедшие. Довелось побывать в одном из посольств Казахстана и заценить их компьютерное оснащение. Аймаки и макбуки в топовой конфигурации. Чтобы почту проверить и документ в ворде набрать им нужны компы за 3 тысячи долларов каждый. Автомобильный парк тоже впечатлил
Ратель. Лучшее за 2017 год. Сергей Уткин
- Уткин - высококвалифицированный юрист, что редкость даже среди обладателей юр. дипломов. Таким не сделать карьеры в КЗ, только на вольных хлебах........
Сварщик для Сауата Мынбаева
- Они и есть настоящие хозяева страны и творят все, что хотят, ведь никто с них за это не спрашивает.Как можно спросить с хозяина?.Все остальные прислуга и лакеи, каждый на своем строго определенном месте, ну за небольшим исключением, имеющая только одно право и в то же время обязанность-молчать, но, они не возражают и вполне с этим согласны.Касаемо сварщика, его имя будет втоптано в историю.Уж позаботятся.